Шу қаласы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде 25 қазан Республика күніне арналған аймақтық "Ұлы дала сарбазы" атты әскери патриоттық сайыс өткізілді.АӘТД пәнінің мұғалімі Исаев Ерғұлан Ашмуханович және мектебіміздің оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты – жас ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, әскери дайындық дағдыларын дамыту және жастардың бойында жауапкершілік пен тәртіптілікті қалыптастыру.
Сайыс барысында оқушылар саптық дайындық, күш пен ептілік, жылдамдық пен ұйымшылдық бағыттарында өзара бақ сынасып, патриоттық рух пен жоғары белсенділік көрсетті.
Нәтижесінде : "Ұлы дала сарбазы" атты әскери патриоттық сайыста "Команда бойынша" Ғани Мұратбаев жүлделі II орынды,
"Винтовкадан оқ атудан" жүлделі I орынды Ардақ Нұрдаулет иеленді
"Арқан тартудан" жүлделі II-орын" Ғани Мұратбаев мектебі,
"Қол күрестен"жүлделі II-орын"11 сынып окшысы Мартбек Нұрдаулет иеленді
" Кермеге тартылудан"жүлделі II-орын 11 сынып оқушысы Абсат Рамазан иеленді
"АК-74 автоматты жартылай бөлшектеу және жинау" жүлделі III-орынды 11 сынып оқушысы Садырқұл Рустем иеленді
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!


