2025 жылдың 20 қарашасында мектебімізде ағылшын тілі пәнінен 8 «Б» сыныбымен «TV programmes» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар телебағдарламалардың түрлерімен танысып, жаңа сөздерді меңгеріп, олардың мазмұны мен ерекшеліктерін талдады. Оқушылар жеке, жұптық және топтық жұмыстар орындап, тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдыларын жан - жақты қолданды. Сабақта түрлі әдіс - тәсілдер, бейнематериалдар және ойын элементтері қолданылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасап, алған әсерлерімен бөлісті. Пән мұғалімі: Әуес С.М.


