Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 20 - шы қазан күні «Сабақ Time» жобасы аясында «Тиімді оқыту: оқыту әдістерімен тәжірибеде қолдану жолдары» тақырыбында ашық сабақтар циклы өткізілді.
Семинардың ашылу салтанаты мектептің мәжіліс залында өтті. Семинардың ашылуын мектеп директоры А.А.Шаймаш ашты. Ол жиналған мұғалімдерді құттықтап, бүгінгі семинардың жоспарымен таныстырды. Келесі сөз кезегін аудандық білім бөлімінің орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні әдістемелік кабинетінің әдіскері М.К.Булекбаева алды.


