Құрметті достар! Тәрбие жанашырлары! Осы бастаманы Қыз Жібек клубының он күндік жоспарына сай "Бұрымды қыз" тақырыбында, арнайы челлендж ретінде барша мектебіміздің оқушы қыздарымыздың шаш өру арқылы ұқыпты, жинақы болатын өнегелі бастамаға шақырамыз!
Қос бұрымың өріліп
Сондай көркем көрініп…
Шіркін, қыз баласының сыртқы бейнесі, киіну үлгісі, мінез-құлқы талай өлең жолдарының туындауына себепші емес пе?
Осы бірегейлікті, сұлулық, мінездегі көркемдік пен инабаттылықты сақтап қалу әрбіріміздің борышымыз деп білемін. Осы мақсатта мектебіміздің 5 сынып қыздарына «Бұрымды қыз» атты челлендж жариялаған болатынмын. Бұл челлендж 5 "Ә" сыныбының ата-аналарына мың алғыс, алтын қыздарымыз тарапынан үлкен қолдау тапты.
Оқушы қыз келбеті - бұрымымен әдемі "Бұрымды қыз" атты челленджді жолдамақпын. Бұрымды оқушы қыздарымыздың бейнесін дәріптеуге баршаңызды шақырамын!


