Мектебімізде 09.09.2025 жыл «Адал азамат» АПҚО бағдарламасы аясында отбасы күніне арналған ата-аналардың қатысуымен «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында аналарымыз өз отбасы туралы жылы лебіздерін білдіріп, отбасының әр мүшесіне деген құрметі мен махаббатын түрлі форматта жеткізді.
Мақсат – оқушыларды отбасылық құндылықтарды бағалауға, ата-анаға құрмет пен жанұядағы сыйластықты насихаттауға тәрбиелеу. Отбасы – сүйіспеншілік пен тәрбие бастауы!


