2021 - 2022 оқу жылының қорытындысы бойынша 21 мамыр жалпы ата - аналар жиналысы өткізілді.
Қатысқандар: 1. Мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.Н.Шалбаева 2. Мектеп әкімшілігі 3. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.К.Карыбева 4. Ата-аналар комитетінің мүшелері Күн тәртібінде: 1. 2021 – 2022 оқу жылының қорытындысы. Мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.Н.Шалбаева 2. Жазғы мектеп Г.Ж.Ернаурызова 3. Оқушылардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру. Ү.Ж.Нусипова 4. 2021 – 2022 оқу жылына арналған біркелкі мектеп формасы. Ж.Н.Шалбаева 5. Қауіпсіз жаз – 2022 ж. Ү.Ж.Нусипова Мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.Н.Шалбаева биылғы оқу жылындағы мектептің тыныс – тіршілігімен таныстырып, мектебіміздің ұстаздары мен шәкірттерінің жеткен жетістіктері туралы кеңінен айтып өтті. Жазғы мектеп, жазғы мезгілде оқушылардың өмір қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік бойынша толықтай ата – аналарға мәлімдеме берілді.