Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу мақсатында тәрбие орталығының ұйымдастыруымен "Қыз Жібек" клубы мүшелерімен қыздар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында алдыңғы уақытта өткізілетін іс - шаралар талқыланып, өзекті тақырыптар қозғалды.