Мектебімізде 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі» тақырыбында дебат өткізілді. Іс-шаралар қыркүйектің 5-і мен 11-і аралығына жоспарланған. Тіл мемелекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір — қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.