Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің " Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі " КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    Мектеп формасы

      Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына қатысты сұрақтарға жауап берді.

         Еске салайық, биыл міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар өзгертілген. Атап айтқанда, қазір мектеп оқушылары поло жейде және футболка, водолазка, сондай-ақ түймелері немесе ілгегі бар тоқылған жемпір/кардиган кие алады. Сондай-ақ, галстук енді міндетті элемент емес.
    Министрлік орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келетінін еске салды. Мектеп формасы күнделікті, салтанатты және спорттық болып бөлінеді.
         Ұл балаларға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, шалбар, күнделікті және салтанатты жейде, түймесі немесе ілгегі бар жейде/кардиган, поло жейде немесе футболка (қысқы кезең: тоқылған жилет, водолазка) кіреді.
    Қыздарға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, түймелері не ілгегі бар тоқылған күртеше/кардиган, поло жейде немесе футболка (қысқы кезең: тоқылған жилет, сарафан, водолазка) кіреді.
       -Үлгісі, мектеп формасының түсі классикалық стильде, үш түстен аспайтын бірыңғай түс схемасында сақталады. Мектеп формасының түсі жағымды және ашық түстерден таңдалады, – деп атап өтті ведомство.
    Басқарма жалпы білім беретін мектеп зайырлы мекеме болып табылатынын, ол зайырлы ережелер мен жалпы қабылданған іскерлік этикет ережелерін, оның ішінде білім беру мекемесінің қабырғасында киім-кешек пен бас киім киюді сақтауы тиіс екенін еске салды.
       -Мектеп формасына қойылатын талаптардың 13- тармағына сәйкес, әртүрлі конфессиялардың діни ағымының киім элементтерін қосуға жол берілмейді, – деді Оқу-ағарту министрлігі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.
    14.09.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру