Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің " Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі " КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    2023 - 2024 оқу жылына арналған мектепішілік жоспары.

    Мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып.

       2023 - 2024 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу - тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды.
       2023 - 2024 оқу жылында 1286 оқушы оқып бітіріп шыққты, 59 сыныптан құралды. Бастауыш сатыда - 465, негізгі сатыда - 682, жоғарғы сатыда - 139. Үздіктер - 156, екпінділер - 526,  алтын белгі - 2,11 сыныпты үздікпен - 1 оқушы, 9 сыныпты – үздікпен 4 оқушы бітіреді. Білім сапасы -56,8 %, ҰБТ-ның ортақ ұпайы - 70,1.
        Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде 2023-2024 оқу жылында барлығы 120 мұғалімі қызмет атқаруда. Оның ішінде жоғары білімдісі 115, арнайы орта білімді – 5 мұғалім. Біліктілік санатына келсек, педагог-шебер – 4, педагог-зерттеуші – 29, педагог-сарапшы – 28, педагог-модератор – 28, екінші санатты – 2, санаты жоқ - 19, педагог – 7. Биылғы оқу жылынды орналасқан 6 жас маман бар. Мектебімізде 9 әдістемелік бірлестік жұмыс жасайды.
        Барлық бірлестік құрылған жоспары бойынша өз жұмыстарын атқарды. Биылғы оқу жылында мектебімізде 4 аудандық семинар өтті. Аудандық семинарды өткізген мектепалды даярлық бірлестігі, география әдістемелік бірлестігі, қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі, көркем еңбек әдістемелік бірлестігі. Барлық атқарылған семинарларға аудан мұғалімдері АББ әдіскерлері қатысып, жақсы деңгейде кері байланыс беріп кетті.
       01 - тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке жол - Жақсылық жаса!» акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға демеушілер тартыл « Мектепке жол - Жақсылық жаса!» Республикалық акциясы кезінде « АMANAT » партиясы аз қамтылған отбасынан шыққан үш оқушыға мектеп формасын, кеңсе тауарларын, спорттық киім, аяқ киім, «Ерікті аналар тобынан көмек» қоғамдық қайырымдылық қоры екі оқушыға сөмке, кеңсе тауарларын алып берді. Мектебіміздің ұстаздары Ү.Ж.Нусипова, К.С.Оналбаева, Т.Ш.Сыздыкбекова, В.Б.Көрпебаева, Б.Малбагарова, А.Пазылова аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсетті. Қайырымды жандар Болат Омарбеков,Теміркул Садыркулова, Құндыз Шотарбаева , Әлдибай Әлинұр, Нүргул Тулендиева мектебіміздің 26 оқушысына демеушілік көрсетіп, көмек көрсетті Бұған қоса, мектепте білім алатын жалпы 125 білім алушы үшін мектептің жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан әрбір бала үшін 40 567 (қырық мың бес жүз алпыс жеті ) теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Қаржылай көмек алған ата-аналар аталған қаржыға мектеп жасындағы балалары үшін мектеп формасын және аяқ киім сатып алды.
        2023 жылдың 04 қыркүйектен бастап аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын 73 оқушы және 1 - 4 сыныптағы 429 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың тізімі нақтыланып бекітілді. Қазіргі таңда, аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын 71 оқушы және 1 - 4 сыныптар аралығында 420 оқушы тамақтанды. Желтоқсан айында Шу ауданы әкімінің атынан өтетін Жаңа жылдық шыршасына мектебімізден 3 оқушының тізімі берілді. Оларды атап айтатын болсақ 3 «А» сынып оқушысы Қуанышбек Медина, 6 «Ә» сынып оқушысы Жолдасбай Дінмұхаммед, 3 «Г» сынып оқушысы Шейко Николай. Аталған оқушыларға тәтті және ақшалай сыйлық берілді. Сонымен қатар үй жағдайында оқитын (мүмкіндігі шектеулі) оқушыларға Жаңа жыл мерекесіне орай тәтті сыйлықтар берілді. Аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға қайырымдылық жасау барысында демеушілер тартылып (қыстық аяқ киімдер) , 6 отбасына ( 8 оқушыға Сұраншы Нұрғали, Сұраншы Аңсар, Тимофеев Радж, Тимофеева Рубина, Батырхан Нұрболат, Исматулла Саламат, Жақсылық Жамиля, Ораз Әйбат) көмек көрсетілді. Наурыз айында Қайырымдылық күніне мектеп ұжымының демеушілігімен аз қамтылған, көп балалы 5 отбасына 34 000 тг ( отыз төрт мың ) көлемінде азық - түлік себептері берілді. 2023 - 2024 оқу жылының пәндік олимпиадасы мектепішілік жоспарланып, әр бірлестік бойынша қатысатын оқушылар анықталып ,олардың сұраныстары қар 30 қараша күндеріне белгіленіп өткізілді. Сұраныс бойынша барлығыоқушы қатысты.
      ҚР Білім және ғылым министірлігінің 11 - 12 және 19 - 20 желтоқсан 2023 жылғы «2023 - 2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші кезеңдерін өткізу туралы №642 бұйрығы негізінде 2023жылдың 1 - 2 ақпан аудандық, қалалық мектептерінің аудан арасында, аудандық пәндік олимпиада 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 сынып оқушылар арасында өткізілді. Аудандық кезеңнен орын алған оқушылар:
    1. Қазбек Жасмин 6 сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын иеленді, жетекшісі Сыздықбекова Толқын Ширвановна
    2. Жантуған Айжан 6 сынып оқушысы, қазақстан тарихи пәнінен ІІІ орын иеленді, жетекшісі Қайратқызы Аина
    3. Қуанышбек Айзере 7 сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ орын иеленді, жетекшісі Ақшалова Индира Бахытовна
    4. Табыс Бақтияр 7 сынып оқушысы, математика пәнінен ІІІ орын иеленді, жетекшісі Ұлмахан Ғабит Мұхитұлы
    5. Атықай Аңсар 7 сынып оқушысы,қазақстан тарихи пәнінен І орын иеленді, жетекшісі Төлен Ақжол Ерланұлы
    6. Эйхенберг Жанел 8сынып оқушысы,орыс тілі мен әдебиеті І орын иеленді,жетекшісі Махмедова Айсулу Ташкентовна
    7. Қашақ Алуа 8сынып оқушысы, қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын иеленді,жетекшісі Бухаева Самал Сауданбекқызы
    8. Асылбек Амина 10сынып оқушысы, география пәнінен ІІІ орын иеленді, жетекшісі Секерова Қазира Қайратбековна
    9. Бақытжанқызы Аидина 9сынып оқушысы,математика пәнінен ІІІ орын иеленді Бердімұратова Жадыра Абжановна
    10. Айнақұл Алишер 11сынып оқушысы,информатика пәнінен ІІІ орын иеленді, жетекшісі Утепбергенова Нұрбақыт Джогиевна
    11. Цегендер Виктория 9сынып оқушысы,орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын иеленді, жетекшісі Махмедова Айсулу Ташкентовна
    12. Лагутина Ксения 10 сынып оқушысы,орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ІІІ орын иеленді, жетекшісі Джакупова Тоты Кенесовна
    13. Амангелді Еркежан 10 сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ орын иеленді, жетекшісі Сыздықбекова Толқын Ширвановна
    14. Мұратбек Махаббат 9 сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ орын иеленді, жетекшісі Абдиева Куралай Абиртиллаевна
    15. Сәрсенбай Асем 10 сынып оқушысы,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен І орын иеленді, жетекшісі Шавипбаева Гулшари Пишембиевна.
    Дарын республикалық «Кенгуру математика барлығы үшін» интеллектуалдық ойын конкурсына 144 оқушы қатысып, 131 оқушы І, ІІ, ІІІ жүлделі орындарға ие болды.
    «Алтын түлек» аудандық өңірлік олимпиададан Смаилова Хадия және Алимкулов Жанибек ІІ орын иеленді.
    «Алтын түлек» республикалық өңірлік олимпиададан Алимкулов Жанибек ІІІ орын иеленді.
    «XVI президенттік олимпиададан ІІІ дәрежелі дипломмен Алимкулов Жанибек марапатталды.
    «Ақ бота» зиаткерлік олимпиадасынан 87оқушыжүлделі І,ІІ,ІІІ орындарғаиеболды.
         Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай оқулары» атты республикалық мәнерлеп оқу конкурсына 32 оқушы қатысып барлығы жүлделі орындарға ие болды.
       Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Мақатаев оқулары» атты республикалық мәнерлеп оқу конкурсына 67 оқушы қатыстырылып жүлделі орындарға ие болды.
    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткізілген республикалық «Алтын тобылғы» зияткерлік олимпиадасына 36 оқушы қатасып жүлделі орындарға ие болды.
    «Тарих ата» республикалық олимпиададан 34 оқушы қатыстырылып жүлделі орындарға ие болды.  
       
        
        
          
     
    11.06.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру