«Қол өнері – кілемде, сөз өнері - өлеңде» атты пәндер айлығының жоспарына сәйкес
Мектебімізде мәдени-өнер пән әдістемелік бірлестігінің 07.04.2025 – 29.04.2025 жыл аралығындағы «Қол өнері – кілемде, сөз өнері - өлеңде» атты пәндер айлығының жоспарына сәйкес 08.04.2025 жылы көркем еңбек пәнінен 5 “Ә” сыныбымен ашық сабақ өткізді, сабақтың тақырыбы: “Электртехникалық арматура". Электр энергиясының көздері туралы айтып беру, қарапайым электртехникалық арматура мен электр монтажды құралдарды атап шығу. Үй тапсырмасын сұрау "Learning Apps" платформасындағы "Сәйкестендіру" әдісін қолданды. "Ой қозғау", "Ойлан тап" әдістерін сабақта тиімді қолданды. "Сымдарды жалғау" сарамандық жұмысы жасалды. Жаңа сабақты бекітуге" Сәттілік дөңгелегі" әдісін қолданды. Рефлексия "Шамдар әдісі" арқылы балалар кері байланыс жасады. Көркем еңбек пән мұғалімі Алпарова Г.И.