Мектебімізде «Тәуелсіздік – ел тұғыры» тақырыбында тағылымды іс - шара өтті. Бұл мерекелік күні білім ордамыздың мұғалімдер мен кіші қызметкерлерінің адал еңбегі еленіп, зор алғыс айтылып, құттықтаулар интернет желісіне жолданды. Іс - шара барысында Тәуелсіздіктің маңызы, ел дамуына әрбір мамандық иесінің қосар үлесі туралы кеңінен айтылып, бірлік пен ынтымақтың құндылығы дәріптелктді.
Іс - шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай оқушылар мен ұстаздардың ұжымы арасында отансүйгіштік сезімді нығайту, тәуелсіз елдің жетістіктерін насихаттау, сондай-ақ қызметкерлердің қоғамдағы және білім ордасындағы маңызын көрсету, еңбегін құрметтеу мен бағалау.


