Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ

     Шу ауданы білім бөліміне қарасты Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушылары 18.11.2025 жылы кәсіптік бағдар беру мақсатында Шу ауданының ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында өткен «Мамандық таңдауға бағыт беру» іс-шарасына қатысты.
     Іс-шара барысында оқушылар Алматы технологиялық университетінің жоғары оқу орны, оның факультеттері мен білім беру бағдарламалары туралы толық мәлімет алды. Сонымен қатар Туризм және қонақ үй менеджменті институтымен (HTMi, Швейцария), Шанхай Цзян Циао университетінің Халықаралық дизайн колледжімен (Шанхай, Қытай), сондай-ақ Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетімен (РЭУ, Ресей) бірлесіп жүзеге асырылатын қос дипломды білім беру бағдарламалары таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Алматы технологиялық университетінің спикерлері ақпараттық слайдтар ұсынып, студенттер концерттік бағдарламаларымен өнер көрсетті. Оқушылар топтарға бөлініп, сұрақ-жауап форматында ойындарға қатысып, белсенділік танытқан жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
    Кездесу барысында университет өкілдері мен студенттері болашақ түлектерге ұсынылатын мүмкіндіктер мен артықшылықтар жөнінде кең көлемде ақпараттық-танымдық жұмыстар жүргізді. Оқушыларға қосымша мәлімет беру мақсатында арнайы ақпараттық буклеттер таратылды.

 

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ