Көбінесе мұндай өнімдерде өндіруші туралы деректер, сәйкестік декларациясы, санитариялық-гигиеналық және техникалық талаптардың сақталуы туралы мәліметтер болмайды. Шығу тегі анықталмаған тағамдық өнімдерді сатып алу және тұтыну балалардың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Атап айтқанда:
• тамақтан улану
• жұқпалы аурулар
• аллергиялық реакциялар
• құрамында нормадан асып кеткен химиялық қоспалардан улану
• микробиологиялық ластану қаупі
Құрамында артық дәмдеуіштер мен химиялық қоспалары бар өнімдер асқазан - ішек жолдарының шырышты қабатын зақымдауы мүмкін. Тұз бен дәмдеуіштердің тым көп болуы жүрек - қан тамырлары мен бүйрек аурулары бар адамдарға зиян. Сонымен қатар, балалар тағамына арналмаған кейбір өнімдерде майдың шамадан тыс мөлшері семіздік, тромбофлебит, атеросклероз сияқты ауруларға әкелуі ықтимал.
Таңбалау мен құжаттардың болмауы өнімнің қауіпсіздігін, сақтау жағдайын және жарамдылық мерзімін анықтауға мүмкіндік бермейтінін ерекше атап өткен жөн.
2025 жылы облыста осындай сауда нүктелеріне байланысты тамақтан уланудың 2 жағдайы тіркеліпті. Нәтижесінде 19 адам зардап шеккен, оның ішінде 16-сы — балалар.
Қауіпсіздік пен балалар денсаулығын қорғау мақсатында облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі ата - аналармен және оқушылармен түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынады. Азық - түлік өнімдері тек сақтау және өткізу шарттары сақталатын, сапасы расталған құжаттары бар заңды жеткізушілерден ғана сатып алынуы тиіс.
Мектебіміздің медбикесі Ақтасова Сабира тарапынан оқушыларға тиісті ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етудің маңыздылығы түсіндірілді. Бұл шаралар балалардың денсаулығына төнетін қауіп - қатерлердің алдын алуға бағытталған.


