Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде мектепалды даярлық сыныбы мен 1–3 сынып оқушылары арасында «Қош келдің, Жаңа жыл - жаңа белес!» тақырыбында мерекелік шырша өткізілді.
Мектеп директоры Шаймаш Азамат Айдарұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нусипова Үміт Жапарқызы балаларға ақ тілектерін айтып, құттықтауларын жолдады.
Сондай-ақ, Аяз ата мен Ақшақар оқушылардың өнерлерін тамашалап, шаттыққа толы сәт сыйлады. Бүлдіршіндер әсем әндер айтып, би билеп, жаңа жылдық мерекенің ерекше атмосферасын сезінді.
Мектеп әкімшілігі мерекенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан сынып жетекшілерге, оқушыларға және барша ата-аналарға зор алғысын білдіреді! Жаңа жыл құтты болсын! Әрбір шаңыраққа құт, береке, мол ырыс алып келсін! Келе жатқан 2026 жыл табысқа, қуанышқа, бақытқа толы жыл болғай!


