Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
     Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру ұйымдарының маңында орналасқан сауда объектілерінен шығу тегі белгісіз тамақ өнімдерін сатып алу фактілерінің орын алып отырғаны туралы хабарлайды.
    Аталған өнімдердің басым бөлігінде өндіруші туралы ақпарат, сәйкестік декларациясы, санитариялық-гигиеналық және техникалық талаптардың сақталғанын растайтын құжаттар жоқ.
  Мұндай өнімдерді тұтыну балалардың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Атап айтқанда, тамақтан улану, жұқпалы аурулар, аллергиялық реакциялар, тыйым салынған немесе мөлшері нормадан асатын химиялық заттардың әсері, сондай-ақ өнімнің микробиологиялық ластануы орын алуы мүмкін. Кейбір дәмдеуіштер мен химиялық қоспалар асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығына зиян келтіреді. Сонымен қатар, тұз бен дәмдеуіштердің шамадан тыс мөлшері жүрек-қан тамырлары және бүйрек аурулары бар адамдар үшін қауіпті. Балаларға арналған кейбір чип өнімдерінің құрамында гидрленген майлардың көп болуы семіздік, атеросклероз және басқа да созылмалы аурулардың дамуына әкелуі мүмкін.
    Таңбалау мен құжаттардың болмауы өнімнің қауіпсіздігін, сақтау, тасымалдау шарттарын және жарамдылық мерзімін анықтауға мүмкіндік бермейді.
2025 жылы облыс аумағында сауда объектілеріне байланысты тамақтан уланудың 2 жағдайы тіркеліп, 19 адам, оның ішінде 16 бала зардап шеккен.
   Осыған байланысты қауіпті өнімдерді тұтынудың алдын алу және балалардың денсаулығын қорғау мақсатында облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің ұсынымдары негізінде ата-аналар мен оқушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
  Мектептің медбикесі Ақтасова Сабираның қатысуымен өткізілген түсіндіру жұмыстары санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты сақтауға және балалардың денсаулығына төнетін қауіп-қатерді азайтуға бағытталды.
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ