Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
Ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні қамқор жобасы аясында «Қар десанты» еріктілер эстафетасы өткізілді.
1.Ең алдымен, өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары эстафетаның өткізілу тәртібімен таныстырып, қауіпсіздік ережесін түсіндірді.
2. «Біз біргеміз» флешмобы орындалды.
3. Алаңдағы қар тазалау жұмысына кірісу. Қар тазалау барысында баланың қауіпсіздігі мен баланың қатысуын қатаң қадағалау назардан тыс қалмады.
Атап өтерлік жәйт, жастардың бойында аға буынға деген құрмет сезімін ұялату, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және дамыту акцияның басты мақсаты. Акция шеңберінде құрылған «Еңбек десанты» жасағының жұмысы жыл бойына жалғасын табатын болады.
Қаңтар - заң және тәртіп айы заң және тәртіп идеологемасын жүзеге асыру мақсатында мектебімізде 22.01.2026 жыл 8 - сынып оқушылары арасында « Қоғамдағы заң және тәртіп » тақырыбында дебат өткізілді.
Мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызын түсіндіру және жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.
Пікірсайыс барысында төрешілер тарапынан бағаланып, үздік деп танылған қатысушылар мадақтамамен марапатталды.
Дебат қорытындысы бойынша:
І орын – "Ел болашағы" фракциясы
1/. 8 "В" Әжітай Іңкәр,Амантай Әсемай
ІІ орын – "Нық позиция" фракциясы
2/. 8 "Б" Байдулла Әлімжан,Асылхан Қуаныш
иеленді.
Іс - шара жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Мектебімізде 2026 жылғы 30 қаңтар күні оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой еркіндігі мен пікір білдіру мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Кітап оқуды қалай арттыруға болады?» тақырыбында дебат өткізілді.
Іс - шараға 10 «Б» және 11 «Ә» сынып оқушылары қатысып, өз ойларын еркін ортада жеткізді. Дебат барысында оқушылар кітап оқудың маңыздылығы, оқу мәдениетін дамыту жолдары және заманауи жастарды кітапқа баулу тәсілдері туралы пікір алмасты.
В нашей школе 28 января 2026 года в рамках декады «Математика и информатика – ключ к профессиям будущего» проводятся открытые уроки. В соответствии с планом декады в 10 классе по предмету информатика был организован открытый урок на тему «Форматирование текста».
Цель урока: обучение использованию HTML (аш-ти-эм-эл) тегов при разработке web (веб)-страниц для форматирования структуры страницы, текста и основных элементов оформления. Учитель информатики: Пойманов А.А.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ



