Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ

    Мектебімізде 2026 жылғы 6 қаңтарда қысқы каникул кезеңінде үйірме жұмыстары жоспарға сай жүйелі түрде ұйымдастырылды. Каникул уақытында өткізілген спорттық жаттығулар оқушылар үшін қызықты әрі тиімді болды.       

    Қысқы каникул кезінде де үйірме жұмыстары үздіксіз жалғасын тауып, оқушылардың шығармашылық және спорттық бағытта дамуына зор мүмкіндік жасалды. Оқушылар спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, өздерінің жаңа дағдыларын жетілдіріп, ұжыммен бірлесе жұмыс істеу, өзара ынтымақтастық тәжірибесін арттырды.
   
Сонымен қатар, волейболдан қыздар командасы арасында жолдастық матч өткізілді. Ойын жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты әрі әсерлі өтті. Бұл жарыс қатысушыларға құнды спорттық тәжірибе мен жағымды әсер сыйлады.

 

    Мектеп кітапханасында 8 - сынып оқушыларының қатысуымен көрнекті қоғам қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай «Қазақтың рухын оятқан тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты:
    Оқырмандарға Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беру, оның ұлт үшін жасаған еңбегін дәріптеу, жастарды өз елінің патриоты болуға, халқын сүюге тәрбиелеу.

 

    Мектеп кітапханасында 9 - сынып оқушыларының қатысуымен Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай
«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы» атты танымдық сағат өткізілді.
Мақсаты:
   Аты аңызға айналған, туған топырағымыздың тарланы, қазақтың біртуар перзенті, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының есімін ұлықтау, өшпес ерлігін дәріптеу, Отанға деген сүйіспеншілікке, ерлікке, патриоттық рухқа тәрбиелеу.

 

    Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде мектепалды даярлық сыныбы мен 1–3 сынып оқушылары арасында «Қош келдің, Жаңа жыл  - жаңа белес!» тақырыбында мерекелік шырша өткізілді.
     Мектеп директоры Шаймаш Азамат Айдарұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нусипова Үміт Жапарқызы балаларға ақ тілектерін айтып, құттықтауларын жолдады.
Сондай-ақ, Аяз ата мен Ақшақар оқушылардың өнерлерін тамашалап, шаттыққа толы сәт сыйлады. Бүлдіршіндер әсем әндер айтып, би билеп, жаңа жылдық мерекенің ерекше атмосферасын сезінді.
   Мектеп әкімшілігі мерекенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан сынып жетекшілерге, оқушыларға және барша ата-аналарға зор алғысын білдіреді!  Жаңа жыл құтты болсын! Әрбір шаңыраққа құт, береке, мол ырыс алып келсін! Келе жатқан 2026 жыл табысқа, қуанышқа, бақытқа толы жыл болғай! 

 

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ