Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ

   Мектебімізде «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.🎭 «Жаңа жыл – шаттық пен қуаныш мерекесі».

   Оқушыларға жаңа жыл мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру, балғын бүлдіршіндердің көңілдеріне қуаныш ұялату, шығармашылық қабілеттерін ашу, сахна мәдениетін қалыптастыру, достыққа, бірлікке және ізгілікке тәрбиелеу.

✨ Мерекелік кеш барысында мектеп залы ертегі әлеміндей әсем безендіріліп:
❄️ Аяз ата мен Ақшақар,
🎁 ертегі кейіпкерлері,
🎶 әсем әндер мен көңілді билер,
🎤 тақпақтар мен қызықты қойылымдар
балалардың шаттыққа толы сәттерімен үйлесім тапты.

🎉 Оқушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір бала мерекенің ерекше атмосферасын сезініп, ұмытылмас әсер алды. Іс-шара соңында бүлдіршіндерге жаңа жылдық сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

🌟 Қорытынды:
Іс-шара өз мақсатына толық жетіп, оқушыларға қуаныш пен жылылық сыйлаған жарқын мерекеге айналды. Осындай тағылымды да тәрбиелік мәні зор шаралар балалардың мектепке деген сүйіспеншілігін арттыра түсері анық.

 
       Көбінесе мұндай өнімдерде өндіруші туралы деректер, сәйкестік декларациясы, санитариялық-гигиеналық және техникалық талаптардың сақталуы туралы мәліметтер болмайды. Шығу тегі анықталмаған тағамдық өнімдерді сатып алу және тұтыну балалардың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Атап айтқанда:
• тамақтан улану
• жұқпалы аурулар
• аллергиялық реакциялар
• құрамында нормадан асып кеткен химиялық қоспалардан улану
• микробиологиялық ластану қаупі
     Құрамында артық дәмдеуіштер мен химиялық қоспалары бар өнімдер асқазан - ішек жолдарының шырышты қабатын зақымдауы мүмкін. Тұз бен дәмдеуіштердің тым көп болуы жүрек - қан тамырлары мен бүйрек аурулары бар адамдарға зиян. Сонымен қатар, балалар тағамына арналмаған кейбір өнімдерде майдың шамадан тыс мөлшері семіздік, тромбофлебит, атеросклероз сияқты ауруларға әкелуі ықтимал.
   Таңбалау мен құжаттардың болмауы өнімнің қауіпсіздігін, сақтау жағдайын және жарамдылық мерзімін анықтауға мүмкіндік бермейтінін ерекше атап өткен жөн.
   2025 жылы облыста осындай сауда нүктелеріне байланысты тамақтан уланудың 2 жағдайы тіркеліпті. Нәтижесінде 19 адам зардап шеккен, оның ішінде 16-сы — балалар.
   Қауіпсіздік пен балалар денсаулығын қорғау мақсатында облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі ата - аналармен және оқушылармен түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынады. Азық - түлік өнімдері тек сақтау және өткізу шарттары сақталатын, сапасы расталған құжаттары бар заңды жеткізушілерден ғана сатып алынуы тиіс.
    Мектебіміздің медбикесі Ақтасова Сабира тарапынан оқушыларға тиісті ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етудің маңыздылығы түсіндірілді. Бұл шаралар балалардың денсаулығына төнетін қауіп - қатерлердің алдын алуға бағытталған.
   17.12.2025 жылы мектебімізде 8–10 сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» мектепішілік дебат турнирі ұйымдастырылды.
     Іс - шара барысында мектебіміздің алты фракциясы өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін танытып, жан - жақты талқылаулар жүргізді. Дебат тартысты да қызықты өтті. Оқушылар білімдерін шыңдап, дүниетанымдарын кеңейте түсті.
    Қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне қатысты салт-дәстүрлері, «қызға қырық үйден тыйым», ибалық пен инабаттылық, ар - намыс құндылықтары туралы маңызды пікірлер ортаға салынды. Қыз баланы қонақ деп санап, бетінен қақпай өсіргенімен, оның киім киісіне, жүріс-тұрысына, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету тәрбие құндылығы ретінде айтылды. «Есті қыз етегін жауып жүреді» деген тағылымды сөздер аясында қазақ қызының жан және тән сұлулығы жайлы көзқарастар талқыланды.
Турнир барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында жұптық ойын элементтері қолданылды. Пікірталас америкалық парламенттік форматта (АПФ) өткізілді.
Төрешілер шешімі бойынша:
• Бас жүлде – «Ел болашағы» фракциясы
• I орын – «Үркер» фракциясы
• II орын – «Нық позиция» фракциясы
• III орын – «Аргументатор» фракциясы
• «Үздік спикер» номинациясы – Өмірбай Әйгерім
• «Үздік талпыныс» номинациясы – Қабланбек Назерке
Дебатқа қатысушылардың білім парасаты мен азаматтық ұстанымдары айқын көрініс тапты.
 
   Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Ұлы дала сарбазы» атты әскери-патриоттық іс - шара өткізілді.Іс-шараны алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Исаев Ерғұлан Әшімханұлы ұйымдастырды. Іс - шараның негізгі мақсаты–оқушыларға әскери - патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Іс - шара барысында оқушылар АК-74 автоматының макетін шашып - жинау және винтовкадан дәлдікке ату бойынша сайыстарға қатысып, өздерінің жылдамдықтары мен ептіліктерін көрсетті. Қорытынды кезеңде 10 «А», 10 «Ә», 10 «Б», 10 «В» сынып оқушылары белсенділік танытып, іс - шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға жағымды көңіл - күй мен ерекше әсер сыйлады.
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ