Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
   Мектебімізде  «Тәуелсіздік – ел тұғыры» тақырыбында тағылымды іс - шара өтті. Бұл мерекелік күні білім ордамыздың мұғалімдер мен кіші қызметкерлерінің адал еңбегі еленіп, зор алғыс айтылып, құттықтаулар интернет желісіне жолданды. Іс - шара барысында Тәуелсіздіктің маңызы, ел дамуына әрбір мамандық иесінің қосар үлесі туралы кеңінен айтылып, бірлік пен ынтымақтың құндылығы дәріптелктді.
     Іс - шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай оқушылар мен ұстаздардың ұжымы арасында отансүйгіштік сезімді нығайту, тәуелсіз елдің жетістіктерін насихаттау, сондай-ақ қызметкерлердің қоғамдағы және білім ордасындағы маңызын көрсету, еңбегін құрметтеу мен бағалау.
✨ Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын! Еңбегімен елге үлгі болған жандарға алғысымыз шексіз!
 

    Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай «Оян, қазақ, ойлан, қазақ» тақырыбында аудандық оқушылар арасында пікірсайыс турнирі өтті. Аталған турнирде Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің «Парасат» фракциясы пікірсайыс мәдениетін меңгеруге деген талпынысы үшін сөз бен ой өнері бәйгесінде «Үздік талпыныс» номинациясымен марапатталды.Аталған пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті. Фракция мүшелері Балтабай Дильназ бен Еркелсінқызы Наргиза қатысты.
   Алдағы пікірсайыстарда білім алушыларымыз аудандық, облыстық пікірсайыс турнирлерінде алға шығып, республикалық кезеңдерде жүлделі орындарға ие болады деген зор сенім білдіреміз.

 

Самалов Исраил 8 "А" сынып оқушысы.🥇🥇🥇
🇰🇿 " Жетістігімді еліме арнаймын ! " челленджі аясында оқушылар өз білімін,өнерін ,спорттағы табысын туған еліне арнап ,елжандылық пен патриоттық рухты дәріптеуде.
🌟 Бұл бастама - " Мен елім үшін дамимын ,жетістікке жетемін ! " деген үндеуі. Әрбір жетістік - Отан абыройы. "Бүгінгі еңбегім- ертеңгі Қазақстанның жарқын болашағы үшін ! "
 
     Мектебінде 10 - қараша күні 5 сыныптар арасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектеп пен ата - ана ынтымақтастығын қалыптастыру бағытында тәрбие сағаттарын ата-анамен бірлесіп өткізілді.
Сабақтың тақырыптары:
📌 «Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау» ,
📌 « Бүгінгі жасөспірім: қауіптің белгілері мен қорғану тәсілдері»,
📌 « Біз буллингке қарсымыз»,
📌 «Дұрыс тамақтану әдет – ғұрпын құру» ,
📌 «Бақытты балалық шақ,қамқор ата-ана» тақырыбында сабақтар өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
📌оқушыларды өзара түсіністікке, татулыққа, бірауыздылық пен достыққа баулу болды.
📌оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның алдын алу жолдарын таныстыру, сондай-ақ өзін және өзгелерді қорғау мәдениетін қалыптастыру болды.
📌Балалардың салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде ата-аналардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
📌Цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ