Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ

     Жамбыл облысы,Шу қаласы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде 16.01.2026 жылы облыстық психологиялық қолдау орталығының маманы КММ Райымбеков Мухамеддин Рыскулбекович, Шу ауданы білім бөлімінің маманы И.Инкибаева, мектептің директоры А.А Шаймаш, директордың құқық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Калдыбекова және мектеп психологы Г.М.Байтеенова 9 - 11сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы аясында өткізілуде.
     Кино көрсетілім барысында оқушыларға «КІТАП БЕТБЕЛГІЛЕРІ ЕМЕС» («НЕ КНИЖНЫЕ ЗАКЛАДКИ») және «ХУЛИГАНКА» атты қысқаметражды көркем фильмдер ұсынылды. Аталған фильмдер жасөспірімдерді заң талаптарын сақтауға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және қоғамдағы тәртіптің маңызын түсінуге бағытталған.

 

    Мектебімізде 2026 жылдың 19 қаңтар күні «Математика және информатика–болашақ мамандықтардың кілті» атты онкүндік аясында ашық сабақтар өткізілуде.
Онкүндік жоспарына сәйкес 6-сыныпта информатика пәнінен «IDE-мен танысу» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды.
    Сабақтың мақсаты – оқушыларды программалау ортасы IDE ұғымымен таныстыру, оның қызметі мен мүмкіндіктерін түсіндіру, практикалық дағдыларын дамыту.
     Сабақ барысында оқушылар IDE интерфейсімен жұмыс жасап, қарапайым тапсырмаларды орындады.
Ашық сабақты информатика пәнінің мұғалімі Хороходжаева А. К. өткізді.
   Сабақ мазмұны оқушылардың қызығушылығын арттырып, информатика пәніне деген танымдық белсенділігін дамытуға ықпал етті.

 

     Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру ұйымдарының маңында орналасқан сауда объектілерінен шығу тегі белгісіз тамақ өнімдерін сатып алу фактілерінің орын алып отырғаны туралы хабарлайды.
    Аталған өнімдердің басым бөлігінде өндіруші туралы ақпарат, сәйкестік декларациясы, санитариялық-гигиеналық және техникалық талаптардың сақталғанын растайтын құжаттар жоқ.
  Мұндай өнімдерді тұтыну балалардың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Атап айтқанда, тамақтан улану, жұқпалы аурулар, аллергиялық реакциялар, тыйым салынған немесе мөлшері нормадан асатын химиялық заттардың әсері, сондай-ақ өнімнің микробиологиялық ластануы орын алуы мүмкін. Кейбір дәмдеуіштер мен химиялық қоспалар асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығына зиян келтіреді. Сонымен қатар, тұз бен дәмдеуіштердің шамадан тыс мөлшері жүрек-қан тамырлары және бүйрек аурулары бар адамдар үшін қауіпті. Балаларға арналған кейбір чип өнімдерінің құрамында гидрленген майлардың көп болуы семіздік, атеросклероз және басқа да созылмалы аурулардың дамуына әкелуі мүмкін.
    Таңбалау мен құжаттардың болмауы өнімнің қауіпсіздігін, сақтау, тасымалдау шарттарын және жарамдылық мерзімін анықтауға мүмкіндік бермейді.
2025 жылы облыс аумағында сауда объектілеріне байланысты тамақтан уланудың 2 жағдайы тіркеліп, 19 адам, оның ішінде 16 бала зардап шеккен.
   Осыған байланысты қауіпті өнімдерді тұтынудың алдын алу және балалардың денсаулығын қорғау мақсатында облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің ұсынымдары негізінде ата-аналар мен оқушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
  Мектептің медбикесі Ақтасова Сабираның қатысуымен өткізілген түсіндіру жұмыстары санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты сақтауға және балалардың денсаулығына төнетін қауіп-қатерді азайтуға бағытталды.
 
   Мектебімізде 2025 жылғы 19 желтоқсанда 9–10 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дебат өткізілді. Іс-шара Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды.
   Дебатқа «Нық позиция» және «Парасат» фракциялары қатысып, тақырыпты жан-жақты талдап, мазмұнды әрі тартысты пікірсайыс өткізді. Пікірсайыс барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда бекітілген нормаларға сүйене отырып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты негізгі ұғымдарды түсіндірді.
   Іс-шара АПФ (Америкалық парламенттік формат) бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар сұрақ-жауап арқылы өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары мен қоғамдағы оның кері әсері туралы ойларын ортаға салды.
  Мақсаты: оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдар негізінде құқықтық мағлұмат беру, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ