Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ
Мек тебімізде 2026 жылдың 26 қаңтар күні информатика пәнінен 9 «Ә» сыныбында "Бірөлшемді массив" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Массивтың анықтамасын, негізгі ұғымдарын тұжырымдай алады. Бір өлшемді массивтерді қолдана отырып Python бағдарламалау тілінде бағдарламалар құруды үйрету. Оқушылардың тәртіпті, ұйымшылдық пен жауапкершілікті дамыта отырып бағдарламалардың дұрыс және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ашық сабақты пән мұғалімі Утепбергенова Н.Д өткізді.
2026 жылдың 20 қаңтар күні мектебімізде «Математика және информатика–болашақ мамандықтардың кілті» атты онкүндік аясында ашылу іс - шарасы өткізілді. Онкүндік жоспарына сәйкес «Тәтті сұрақтар» тақырыбында ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Іс - шараның мақсаты – оқушылардың математика және информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және пәндер бойынша білімдерін тереңдету. Ашылу салтанаты барысында оқушылар белсенділік танытып, түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
Мектебімізде 2026 жылғы 15 қаңтар күні Шу қалалық полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес «Есірткі мен заң» тақырыбында 10–11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында оқушыларға есірткі құралдары мен психотроптық заттардың зияны, оларды қолданудың құқықтық салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс - шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Мектебімізде 2026 жылдың 19 қаңтар күні «Математика және информатика–болашақ мамандықтардың кілті» атты онкүндік аясында ашықтар өткізілуде. Онкүндік жоспарына сәйкес 5 “Б” сыныпта математика пәнінен “Ондық бөлшектерді жазу және оқу” тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға ондық бөлшектерді дұрыс жазу және оқу жолдарын меңгерту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математикалық сауаттылықтарын арттыру.
Сабақ барысында түрлі тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арттырылды. Ашық сабақты математика пәнінің мұғалімі Копжасарова Б.А., өткізді.






