тел: 8(72643)2-55-26
Ескерту
Жамбыл облысы әкімдігінің Шу ауданының білім бөлімінің «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау үшін мына жағдайларды ескертеді:
Жамбыл облысы әкімдігінің Шу ауданының білім бөлімінің «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау үшін мына жағдайларды ескертеді:
✅ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мамыр айына арналған «Мамыр – ынтымақ айы» ұсынымын басшылыққа ала отырып, мектептегі 1-10 сынып аралығындағы білім алушыларға 2024 жылдың 24 мамыр күні бірыңғай «Білімім – Отаныма» тақырыбында жалпы республикалық тәрбие сағаты өтеді.
✅ Мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиын 2024 жылы 25 мамыр күні сағат 10:00 ден 13:00-ге дейін, білім беру ұйымы қабарғасында ұйымдастырылып өткізіледі.
✅ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында мектеп қажеттіліктеріне және 4,9,11 сыныпты аяқтауына байланысты қаражат жинауға қатаң тыйым салынады;
✅ Барлық қатысушыларға «Соңғы қоңырау» іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық беріліп, кешенді қауіпсіздік шараларының жүргізілуі талап етіледі.
✅ Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтерге кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға (педагогтер соңғы қоңырау іс-шарасы барысында ата-аналар тарапынан түрлі сыйлықтар алуға, ата-аналар комитеті тарапынан қаржы жинауға) қатаң тыйым салынады;
✅ Оқушылардың автокөлік шеруін ұйымдастыруына, ойын алаңдарына, мейрамханаларға, тау бөктеріне баруға қатаң тыйым салынады;
✅ Іс-шара кезінде түрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинауға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға тыйым салынады;
✅ Мереке күндері және басқада күндері кәмелетке толмағандардың ата-анасыз немесе жауапты заңды тұлғаларсыз топтасып серуендеуіне, қала орталығында себепсіз жүруіне тиым салынады.
Құрметті ата-аналар! Жоғарыда айтылған талаптардың орындалуын қадағалауды ескертеміз. Бала қауіпсіздігі барлығымызға ортақ міндет!!!
МЕКТЕПІШІЛІК ОҚУШЫЛАР ЕРЕЖЕСІ:
Алған білімді өмірде қолдану. Сабақтан себепсіз қалмау Қоғамдық пайдалы өндірістік жұмысқа қатысу Мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардығы №26 бұйрығына сәйкес, мектеп үлгісіне сай киіну:
а) Ұлдар үшін: ақ, көйлек, қаракөк түсті костюм- шалбар жане галстук
ә) Қыздар үшін: формасының ұзындығы тізесімен бірдей болу керек, ақ көйлек, қара көк костюм, юбка
б) Спорт киімі :үсті –ақ,төменгі жағы-қара түсті,кроссовки (кеды)
в) Биік өкшелі аяқ киім кимеу
4. Мектеп ішінде сырт және бас киіммен, орамалмен жүрмеу
5. Мектепке бағалы бұйымдар:бағасы қымбат ұялы телефон,әшекейлі бұйымдар,ақша әкелмеу.
6. Суық қаруға жататын үшкір, өткір заттарды ұстамау
7. Денсаулыққа зиянды заттарды (темекі ,насыбай,есірткі,алкогольді ішімдіктер) қолданбау
8. Қыз балалар үшін:шашын жинақы ұстау,тырнақ өсірмеу,боямау,косметикалық бояуларды қолданбау
9. Үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу,кейінгілерге үлгі көрсету.
10.Әр оқушы мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың талаптарын орындау керек.Жалпы мектепішілік іс-шараларға белсене араласу.
11.Табиғатты қорғау,халық ізгілігін сақтау және үнемділік пен ұқыптылық үшін күресу,мектеп мүлкін,оқу құралдарын сақтай білу.
12.Жол ережесін білу және орындау. Алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетуді білу.
13.Мектептің ішінде және сыныпта тазалықты сақтау. Оқушылардың сабаққа дейінгі міндеті: Мектепке кірер алдында аяқ киімін тазалау Мектепке келген қонақтармен,ата-аналармен,өз жолдастарымен сәлемдесу. Қоңырау соғылысымен сынып бөлмеңде болу,жүгірмеу,жұмыс орныңда болу. Үзіліс кезінде жеке бас мәдениетін ,мектеп ережесін үнемі есінде сақтау
Оқушының сабақтағы міндеті:
Пәнге байланысты оқу құрал-жабдықтарды дер кезінде дайындап,сабаққа назар аудару;
Сабақ өтілу кезінде тыныштықты сақтау;
Мұғалім мен жолдастарыңның жауабын мұқият тыңдау,кедергі жасамау;
Партаға түзу отыруға дағдылану;
Үй тапсырмасын күнделікті орындау;
Алған бағаларыңды күнделікті күнделікке қойдыру;
Сабақтан тыс уақытта оқушының міндеті:;
Сабақ біткен соң мезгілсіз жүрмей, үйіне қайту. сағ.20.00-ден кейін көшеде заңды өкілінсіз жүруге болмайды;
Сабақтан тыс ұйымдастырылған үйірме, кездесу, жиындар, қосымша сабақтарға өз уақытында қатысу;
Мектеп ауласы,дәліз бен сынып бөлмелерді аптасына 1 рет арнаулы тазалықтан өткізуге қатысу;
Қоқысты мектеп ішіне және аулаға шашпау,арнаулы орынға төгу.
Правила учащихся:
Использовать в жизни полученные знания.
Не пропускать без причины уроки.
Приходить в школу строго в школьной форме.
Образцы школьной формы:
а) Для мальчиков: белая рубашка,тёмно-синий костюм,галстук
б) Для девочек: белая кофта,тёмно-синий костюм, юбка,при этом длина школьной формы не должна быть выше колена.
в) Спортивная одежда: верх-белый,низ- тёмного цвета,кроссовки или кеды
г) Не носить обувь на высоких каблуках
3. В школе не ходить в верхней одежде и в головном уборе, а так же в платке
4. Не носить в школу дорогие вещи: (телефон,дорогие украшения,деньги)
5. Не приносить в школу колющие и режущие вещи.
6. Не употреблять вредные здоровью вещи : сигареты,насыбай.алкогольные напитки,наркотики.
7. Ногти,волосы должны быть коротко подстрижены.У девочек волосы должны быть собраны и не пользоваться косметикой.
8. Каждый учащийся должен выполнять требования администрации и учителей.Активно участвовать в общешкольных мероприятиях и общественной жизни школы. 9.Уважать старших,помогать младшим,быть примерным во всем..
10.Каждый учащийся должен выполнять требования администрации и учителей.Активно участвовать в общешкольных мероприятиях и общественной жизни школы. 11.Беречь природу,сохранять народное наследие бороться за справедливость,сохранять школьную мебель и учебные принадлежности.
12.Знать правила дорожного движения и выполнять их. Должен знать,как оказать первую помощь.
13.Соблюдать чистоту в школе и в классе.
Правила поведения учащихся до уроков:
Прежде,чем зайти в школу,почисти обувь.
Здоровайся с учителями,с гостями школы и с товарищами.
При звонке не опаздывай на урок,будь в классе,не бегай,подготовься к уроку.
На перемене не забывай о культуре и соблюдай правила учащихся.
Правила поведения учащихся на уроке:
1. Соблюдай тишину во время проведения уроков.
2. Внимательно выслушай учителей и ответы учащихся,не перебивай.
3. Учись сидеть за партой правильно.
4 Ежедневно выполняй домашнее задание.
Правила поведения учащихся вне школы:
После окончания уроков иди домой. Помни! После 20.00 нельзя находиться на улице без сопровождения взрослых.
Во время посещай кружковую работу,встречи,собрания,дополнительные уроки.
Раз в неделю в школе,в классе проводи день чистоты.
Не сори во дворе школы,в коридорах и в кабинетах..
2023 - 2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА МЕКТЕП ҰЖЫМЫ НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ МАҚСАТЫНДА, ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР ҚОЯДЫ
Мектептің проблемасы:
«Оқу үрдісінде оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру»
Мақсаты:
- Жаңа әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, оқыту сапасын бақылау және бағалау, оқушылардың топтық жұмыс жасауға дағдыландыру;
- Білім берудегі инновациялық- ақпараттық технологияларды меңгеруге қалыптастыру;
- Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды жетік меңгерген орта жасауға бағыт беру және қала мектептерімен тәжірибе алмасу.
Міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін, дағдысын қалыптастыру.
2. Білім мазмұнын жаңалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын дамытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың білім сапасын стандарт деңгейіне көтеру.
3. Оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына, пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете оытырып, дарынды тұлғаны анықтау.
4. Білім беру үрдісін технологияландыруды жүзеге асыруда ұсыныстар даярлау, оны пайдаланудың тиімділігін арттыру.
Мектеп формасы
Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына қатысты сұрақтарға жауап берді.
Еске салайық, биыл міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар өзгертілген. Атап айтқанда, қазір мектеп оқушылары поло жейде және футболка, водолазка, сондай-ақ түймелері немесе ілгегі бар тоқылған жемпір/кардиган кие алады. Сондай-ақ, галстук енді міндетті элемент емес.
Министрлік орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы білім берудің зайырлы сипатына сәйкес келетінін еске салды. Мектеп формасы күнделікті, салтанатты және спорттық болып бөлінеді.
Ұл балаларға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, шалбар, күнделікті және салтанатты жейде, түймесі немесе ілгегі бар жейде/кардиган, поло жейде немесе футболка (қысқы кезең: тоқылған жилет, водолазка) кіреді. Қыздарға арналған мектеп формасына пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, түймелері не ілгегі бар тоқылған күртеше/кардиган, поло жейде немесе футболка (қысқы кезең: тоқылған жилет, сарафан, водолазка) кіреді.
-Үлгісі, мектеп формасының түсі классикалық стильде, үш түстен аспайтын бірыңғай түс схемасында сақталады. Мектеп формасының түсі жағымды және ашық түстерден таңдалады, – деп атап өтті ведомство. Басқарма жалпы білім беретін мектеп зайырлы мекеме болып табылатынын, ол зайырлы ережелер мен жалпы қабылданған іскерлік этикет ережелерін, оның ішінде білім беру мекемесінің қабырғасында киім-кешек пен бас киім киюді сақтауы тиіс екенін еске салды. -Мектеп формасына қойылатын талаптардың 13- тармағына сәйкес, әртүрлі конфессиялардың діни ағымының киім элементтерін қосуға жол берілмейді, – деді Оқу-ағарту министрлігі Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.