Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ
АШЫҚ САБАҚ (2)
2025 жылдың 20 қарашасында мектебімізде ағылшын тілі пәнінен 8 «Б» сыныбымен «TV programmes» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар телебағдарламалардың түрлерімен танысып, жаңа сөздерді меңгеріп, олардың мазмұны мен ерекшеліктерін талдады. Оқушылар жеке, жұптық және топтық жұмыстар орындап, тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдыларын жан - жақты қолданды. Сабақта түрлі әдіс - тәсілдер, бейнематериалдар және ойын элементтері қолданылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасап, алған әсерлерімен бөлісті. Пән мұғалімі: Әуес С.М.
АШЫҚ САБАҚ

ОТКРЫТЫЙ УРОК
14 ноября 2025 года был проведён открытый урок по русскому языку в 4 «А» классе на тему «Заветы великого Абая». Целью урока было развитие навыков чтения и понимания текста, формирование умения создавать связное высказывание по предложенному началу, определять основные части текста, составлять словосочетания типа «слово-предмет слово-признак», а также знакомство с особенностями текста-повествования.
Во время урока учащиеся выполняли групповую, парную и индивидуальную работу. Все обучающиеся проявили активность, заинтересованность и показали хорошие учебные результаты.
Урок прошёл на высоком методическом уровне, поставленные задачи были достигнуты. Учитель русского языка и литературы Ботаева Г. Д.
«Қыз-көшбасшы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
«Қыз болашағы – ел болашағы», «Қыз Жібек» клубының онкүндігі аясында қыз балаларға арналған «Қыз-көшбасшы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Шара барысында қатысушыларға эмоцияларды тану, бақылау және басқару дағдыларын дамытуға бағытталған арнайы тренинг ұйымдастырылды. Қыздар өз сезімдерін дұрыс жеткізу, ішкі күйді реттеу жолдарын меңгеріп, жағымды атмосферада ашық пікір алмасты.
Бұл іс - шара бойжеткендердің өзін бағалауына, сенімділігін арттыруға және эмоционалдық әл - ауқатын нығайтуға ықпал етті. Қыз тәрбиесі – қоғам айнасы!