Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ
«АШЫҚ МИКРОФОН» ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ.
Бүгін мектебімізде оқушылар арасындағы татулықты нығайту мақсатында «III тоқсаннан бастап мен…» тақырыбында «Ашық микрофон» айдары өтті.
Челлендж оқушылардың ой еркіндігін, шығармашылық белсенділігін арттырып қана қоймай, мектеп ережелерін сақтау – ұжымдық мәдениеттің маңызды көрсеткіші екенін айқындады.
“Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!”
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай
«Оян, қазақ, ойлан, қазақ» тақырыбында аудандық оқушылар арасында пікірсайыс турнирі өтті.
Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай «Оян, қазақ, ойлан, қазақ» тақырыбында аудандық оқушылар арасында пікірсайыс турнирі өтті. Аталған турнирде Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің «Парасат» фракциясы пікірсайыс мәдениетін меңгеруге деген талпынысы үшін сөз бен ой өнері бәйгесінде «Үздік талпыныс» номинациясымен марапатталды.Аталған пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті. Фракция мүшелері Балтабай Дильназ бен Еркелсінқызы Наргиза қатысты.
Алдағы пікірсайыстарда білім алушыларымыз аудандық, облыстық пікірсайыс турнирлерінде алға шығып, республикалық кезеңдерде жүлделі орындарға ие болады деген зор сенім білдіреміз.






