Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
   Бүгін мектебімізде яғни 05.12.2025 жыл "Қыз Жібек" қыздар клубының таныстырылымы өтті. "Жат қылықтың қыз тағдырына әсері " тақырыбында дөңгелек үстел форматында өткен кездесуге 8 сынып қыздары қатысты. Шараның мақсаты – қыз балалардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, әдептілікке, инабаттылыққа, сұлулық пен саналылыққа баулу.
🔹 Кездесуде қыздар бір - бірімен танысып, еркін әңгімелесу алаңында ой бөлісті.
🔹 Болашақтағы клуб жұмыстары мен жоспарларымен танысып, өз ұсыныстарын да ортаға салды.
🔹 Қоғамдағы қыз бала рөлін, тәрбиесі мен жауапкершілігін талқылап, мазмұнды диалогтар өрбіді.
Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Ү.Ж Нусипова жылы лебізін білдірді.
Мектебіміздің медбикесі С.Актасова гигена туралы баяндамасын оқыды.
Клубтың жетекшісі – Г.С Кайирбекова, қыздарға бағыт-бағдар беріді.
 
     Мектебімізде 05.12.2025 жыл 8 сынып қыздарымен " Қыз болашағы - ел балашағы " тақырыбында қыздар жиналысы өтті. 
    Жиналыстың мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбат туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік , әдептілік, әдемілік, сыпайылық, тазалық жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
     Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Нүсіпова Үміткүл Жапарқызы мектеп ережесі, қыздардың тәртібі, тазалығы, мектеп формасы туралы айтылып, жаднама таратты. Мектеп психологы Байтеленова Гүлнар " Бала мүсіні " тақырыбында тренинг көрсетіп, қыздарға түсіндірме жұмысын жүргізді. "Қыз Жібек" қыздар ұйымының жетекшісі Кайирбекова Гулнур Сарсенқызы алдағы өтілетін іс - шаралармен таныстырды.
 
    2025 жылдың 20 қарашасында мектебімізде ағылшын тілі пәнінен 8 «Б» сыныбымен «TV programmes» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар телебағдарламалардың түрлерімен танысып, жаңа сөздерді меңгеріп, олардың мазмұны мен ерекшеліктерін талдады. Оқушылар жеке, жұптық және топтық жұмыстар орындап, тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдыларын жан - жақты қолданды. Сабақта түрлі әдіс - тәсілдер, бейнематериалдар және ойын элементтері қолданылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасап, алған әсерлерімен бөлісті. Пән мұғалімі: Әуес С.М.

© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ