Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ
Мектебімізде 2025 жылы 8 желтоқсан күні 3 «Г» сыныбымен ағылшын тілі пәнінен «Weather and seasons» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға жыл мезгілдері мен ауа райы туралы ағылшын тілінде жаңа сөздерді меңгерту, сөйлеу дағдыларын дамыту, қызығушылықтарын арттыру. Сабақ барысында оқушылар жаңа сөздермен танысып, суреттер арқылы ауа райын сипаттады, сұрақ-жауап жұмыстарын орындады. Топтық, жұптық және жеке жұмыстар ұйымдастырылды. Сабақта интерактивті тақта, көрнекі құралдар, карточкалар тиімді пайдаланылды. Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өз ойларын ағылшын тілінде жеткізуге тырысты. Сабақ мақсатына толық жетті. Ашық сабаққа қатысқан әріптестер оң пікір білдіріп, сабақтың мазмұны мен әдіс - тәсілдерін жоғары бағалады. Пән мұғалімі Мамедова Р.А.
Мектеп кітапханасында "Ұлттық құндылықтар" тақырыбындағы кітапхана айлығында кітапханада 4 сынып оқушыларының қатысуымен "Ертегілер елінен - мектепке" атты тақырыпта жаңа кітаптарға шолу жасалды. Кітапханаға келіп түскен жаңа кітаптарды оқырмандармен таныстыру, оқуға ұсыну. Оқушыларды кітап оқуға баулу.
Бүгін мектеп кітапханасында жоспарға сәйкес 7 сынып оқушыларымен жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай "Бала Шоқан" әңгімесі тақырыбында әдеби дилижанс өтті. Шара барысында оқушылар жазушының өмір жолымен, еңбектерімен танысып, "Бала Шоқан" әңгімесі бойынша пікір алмасып, белсенді қатысты. Іс - шара оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, рухани-мәдени дамуына оң ықпал етті. Оқушыларды жазушының өмірі, шығармашылығы, еңбектерімен таныстыра отырып "Бала Шоқан" әңгімесін насихаттау, кітап әлеміне жақын тарту. Шоқан Уәлиханов өмірінен мәлімет беру.






