Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
     «Адал азамат» АПҚО бағдарламасы аясында отбасы күніне арналған «Отбасы - тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Челленджге 5 “Ә” сынып оқушысы Бейсенқұл Албина және Базарбай Ясина қатыстын.
   Мақсаты: ананың мейімі мен махаббатын дәріптеу,отбасылық құндылықтарды насихаттау және мектеп оқушыларының бойында ізгілік пен құрмет сезімдерін қалыптастыру.
 
   Мектебімізде 09.09.2025 жыл «Адал азамат» АПҚО бағдарламасы аясында отбасы күніне арналған ата-аналардың қатысуымен «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
    Жиналыс барысында аналарымыз өз отбасы туралы жылы лебіздерін білдіріп, отбасының әр мүшесіне деген құрметі мен махаббатын түрлі форматта жеткізді.
     Мақсат – оқушыларды отбасылық құндылықтарды бағалауға, ата-анаға құрмет пен жанұядағы сыйластықты насихаттауға тәрбиелеу. Отбасы – сүйіспеншілік пен тәрбие бастауы!
  Мектебімізде "Ұлттық құндылықтар" кітапхана айлығында кітапханашылардың ұйымдастыруымен 11сынып оқушылары мен 1 сынып оқушыларының кітапханада кездесуі өтті.
   Мақсаты: мектебіміздің ең үлкен 11 сынып оқушылары мен ең кішкентай 1 сынып оқушыларын бір-бірімен таныстыру. Кітап оқу жайлы ой бөлісу. Кішкентай оқырмандарымызды кітапхана ережелерімен таныстырып, кеңес беру. Кітап оқуға баулу.
 
    Құрметті достар! Тәрбие жанашырлары! Осы бастаманы Қыз Жібек клубының он күндік жоспарына сай "Бұрымды қыз" тақырыбында, арнайы челлендж ретінде барша мектебіміздің оқушы қыздарымыздың шаш өру арқылы ұқыпты, жинақы болатын өнегелі бастамаға шақырамыз!
Қос бұрымың өріліп
Сондай көркем көрініп…
    Шіркін, қыз баласының сыртқы бейнесі, киіну үлгісі, мінез-құлқы талай өлең жолдарының туындауына себепші емес пе?
  Осы бірегейлікті, сұлулық, мінездегі көркемдік пен инабаттылықты сақтап қалу әрбіріміздің борышымыз деп білемін. Осы мақсатта мектебіміздің 5 сынып қыздарына «Бұрымды қыз» атты челлендж жариялаған болатынмын. Бұл челлендж 5 "Ә" сыныбының ата-аналарына мың алғыс, алтын қыздарымыз тарапынан үлкен қолдау тапты.
Оқушы қыз келбеті - бұрымымен әдемі "Бұрымды қыз" атты челленджді жолдамақпын. Бұрымды оқушы қыздарымыздың бейнесін дәріптеуге баршаңызды шақырамын!
 
© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ