Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
     Шу қаласы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінде 25 қазан Республика күніне арналған аймақтық "Ұлы дала сарбазы" атты әскери патриоттық сайыс өткізілді.АӘТД пәнінің мұғалімі Исаев Ерғұлан Ашмуханович және мектебіміздің оқушылары қатысты.
     Шараның мақсаты – жас ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, әскери дайындық дағдыларын дамыту және жастардың бойында жауапкершілік пен тәртіптілікті қалыптастыру.
     Сайыс барысында оқушылар саптық дайындық, күш пен ептілік, жылдамдық пен ұйымшылдық бағыттарында өзара бақ сынасып, патриоттық рух пен жоғары белсенділік көрсетті.
      Нәтижесінде : "Ұлы дала сарбазы" атты әскери патриоттық сайыста "Команда бойынша" Ғани Мұратбаев жүлделі II орынды,
"Винтовкадан оқ атудан" жүлделі I орынды Ардақ Нұрдаулет иеленді
"Арқан тартудан" жүлделі II-орын" Ғани Мұратбаев мектебі,
"Қол күрестен"жүлделі II-орын"11 сынып окшысы Мартбек Нұрдаулет иеленді
" Кермеге тартылудан"жүлделі II-орын 11 сынып оқушысы Абсат Рамазан иеленді
"АК-74 автоматты жартылай бөлшектеу және жинау" жүлделі III-орынды 11 сынып оқушысы Садырқұл Рустем иеленді
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
 

      Мектебіміздің 11 “Ә” сынып оқушысы Мұратқызы Аружан Республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысып, облыстық кезеңінде, орыс әдебиеті секциясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі : Сыздыкбекова Толкын Ширвановна.

 

  Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Заң факультеті Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы Конституциясы : бастаулары, теория және заманауи тәжірибе» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция аясында ұйымдастырылған 10 сынып оқушылары арасындағы эссе жазу конкурсында жүлделі II - орынды Қашақ Алуа иеленіп, құрмет грамотасымен марапатталды.

 

   2025 жылдың 27 қараша күні Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушылары Шу ауданының өрт сөндіру бөліміне (Төтенше жағдайлар бөлімі) экскурсияға барды.
    Іс - шара барысында оқушылар өрт сөндірушілердің жұмысымен танысып, арнайы техникалар мен құралдарды көріп, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, оқушыларға төтенше жағдай кезінде өзін - өзі ұстау жолдары түсіндірілді.
   Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ мамандықты таңдауға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал етеді.
 
 
© 2025 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі" КММ